Құтқарушылар "Шымбұлақта" жоғалған туристтің денесін тапты

Фотография - Құтқарушылар "Шымбұлақта" жоғалған туристтің денесін тапты

Ер адам қар көшкінінің астында қалып қойды.

780 0

Тауда "Шымбұлақтан" биік жерде 30-жасар Польша азаматы Артур Россоның денесі табылды. Бұл туралы ІІМ ТЖК Республикалық жылдам-құтқару отрядының басшысы Владимир Цой хабарлады. Белгілі болғандай, жас жігіт суықтан тоңып, үсіп өлген, деп хабарлайды Today.kz.

"10 адамнан құралған топ 25 қаңтардан бастап іздестіру жұмыстарын жүргізді. Басында Талғар асуының аумағын іздестіре бастағанда, сноубордтың ізін көрген. Осыдан кейін тағы бір топ жұмылдырылды. Соңында туристтің мүрдесі бүгін таңертең табылды", - дейді Цой.

Ертеректе, тауда, "Шымбұлақтан" биік жерде  Польшалық туристтің жоғалғандығы туралы хабарлағанбыз. Оның жоғалғандығы туралы ақпарат 25 қаңтарда құтқарушыларға түскен. Шетелдік азаматты іздестіруге ҚР ІІМ төтенше жағдайлар министірлігінің Республикалық жедел-құтқару тобының құтқарушылары жұмылдырылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!