СҚО экономикалық сотының басшысы казиноға барғанан кейін жұмыстан кетті

Фотография - СҚО экономикалық сотының басшысы казиноға барғанан кейін жұмыстан кетті

Судьяның ойынханаға баруы Желіде пайда болды

529 0

Солтүстік Қазақстан облысының Арнайы ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Андрей Дигант казиноға барғаннан кейін өз еркімен орнын босатты, деп жазады Today.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Судьяның казиноға барғаны түсірілген бейне Ғаламторда жарияланған.

"2016 жылдың 23 қаңтарында әлеуметтік желілерде Солтүстік Қазақстан облысының Арнайы ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Андрей Диганттың 2016 жылдың 22 қаңтарында казиноға барғаны түсірілген бейнежазба орналастырылды. Ішкі қауіпсіздік бөлімі және Солтүстік Қазақстан облысы соттарында жемқорлықтың алдын алу бөлімімен тергеу жасалып, аталған факт дәлелденді", - депп хабарлады баспасөз қызметінен.

Өзінің ісімен Андрей Дигант сульяның Этикалық кодексі нормасын бұзғаны хабарланды.

Диганттан орнынан босату туралы арыз жазғаны белгілі.

Ролик Casino Bellagio казиносында түсірілген.

"Общественный союз автомобилистов" ҚҚ мәліметі бойынша, судья Ақмола облысындағы Бурабай ауылы мен Алматы облысындағы Қапшағай қаласындағы казиноларға үнемі барады. Казиноға кіру 1000 доллардан кем емес, ал сот төрағасының еңбекақысы 300 000 теңге екенін атап өтті қоғамдастық мүшелері.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!