Шығыс Қазақстанда болған жарылыстың себебі анықталды

Фотография - Шығыс Қазақстанда болған жарылыстың себебі анықталды

"Инцем" жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қараөзек кенішінде жер бетіндегі жарылыс жұмыстарын жүргізген.

265 0

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында болған ірі жарылыстың себептері анықталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Жергілікті халықты қобалжытқан оқиғаға байланысты комиссия құрылып, аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінің тұрғындарына келтірілген шығын көлемі зерттелді. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережесін бұзған кінәлілер анықталып, жауапкершілікке тартылды.

Осыдан біраз уақыт бұрын аудан әкімінің орынбасары Дулат Қажановтың төрағалығымен құрылған арнайы комиссия Қайсенов кентіне жақын жерде болған дүмпудің себептерін анықтауға кіріскен болатын. Жүргізілген зерттеудің қортындыларын комиссия мүшелері облыстық ақпараттық орталықта ресми түрде жария етті.

Ұлан ауданының прокуроры Бақытжан Мәмбетовтің айтуынша, "Инцем" жауапкершілігі шектеулі серіктестік Қараөзек кенішінде жер бетіндегі жарылыс жұмыстарын жүргізген. Қауіпті өндіріс нысандарына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелері басшылыққа алынбаған. Сондай-ақ, мердігер ұйым жақын маңдағы елді-мекендердің тұрғындарын сақтандырмаған, ауа-райын есепке алмаған және жарылыс жұмыстарын жүргізуге қатысты рұқсат алу ережесін бұзған.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, тапсырыс беруші "Инцем" жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен "Восток-Универсал" жауапкершілігі шектеулі серіктестік әкімшілік жазаға тартылды. Тұрғындарға келген шығынды толығымен өтейді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!