1538

Алматы-Қапшағай трассасында көктайғақ жаппай ЖКО-ға себеп болды

Он шақты көлік жолдан шығып қалған
Фотография - Алматы-Қапшағай трассасында көктайғақ жаппай ЖКО-ға себеп болды

Алматы облысында көктайғақ жаппай ЖКО-ға себеп болды. Алматы-Қапшағай күре жолында бірден бірнеше көлік жолдан шығып кеткен, үш адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Today.kz.

Куәгерлердің айтуынша, көктайғақ қаты болуы сондай жүргізушілер көліктерін игере алмауда. Ал жолдың осы бөлігін өте алғандар Желіге бейнероликтер орналастырып, абай болуға шақыруда.

"Сұмдық көктайғақ, тура айнадай. Жаяу жүрудің өзі қорқынышты, көлікпен жүру тұрмақ. Қаладан 40 шақырымдай жерде. Қапшағайға қарай екі автобус, бір әскери КамАЗ, екі жүк көлігі, үш жеңіл көлік барлығы жол бойында шашылып жатыр", - дейді куәгер Константин Черкесов. 

Алматы облысы ІІД мәліметі бойынша, қазіргі кезде 10 шақты жеңіл ЖКО тіркелген.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -