Дәрігерлер ауруханаға екі рет жатқызбай қойған әйел жансақтау бөліміне түсті

Фотография - Дәрігерлер ауруханаға екі рет жатқызбай қойған әйел жансақтау бөліміне түсті

Жедел жәрдемді үшінші рет шақырып, оны екі сағат күткен

567 0

Астана тұрғыны медецина қызметкерлерінің қызметіне шағымданды. Әйел адамның айтуынша, оның өзін нашар сезінген анасын екі рет ауруханаға жатқызудан бас тартқан, нәтижесінде ол жансақтау бөлімінен бірақ шыққан. Бұл туралы "Сарыарқа" ауданының әкімі Павел Кулагиннің тұрғындармен кездесу барысында белгілі болды, деп жазады Today.kz.

"Анамды ауруханада "тек адамдық тұрғысынан қалдырайық" деп тастап кетті", - деп шағымданды әйел адам. – Мен ауруханадан алыстаған сол, маған қоңырау шалып, анамның жағдайы ауырлап, жансақтау бөлімінде, телефоныңызды өшірмеңіз деді. 20 минут бұрын анамды ол жерге қабылдағысы да келмеген болатын".

Әйел адам денсаулық сақтау саласы өкілдерінен әкімдік залында тұрып, адамның ауруханаға жату құқығына ие болу үшін не болу керек деп сұрады. Шенеунік жағдайды анықтайтынын жеткізді.

"Сізідң нақты жағдайыңыз бойынша анығына жетіп алайық, сырқаттық тарихын қарап шығу керек", - деп жауап берді Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Өз кезегінде аудан әкімі бұның бір ғана жағдай еместігімен келісіп, мұны қала әкімі Аділбек Жақсыбековке жеткізетіндігін айтты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!