Алматы облысында жоғалған тікұшақтың жолаушылары түгелімен қайтыс болды

Фотография - Алматы облысында жоғалған тікұшақтың жолаушылары түгелімен қайтыс болды

Құтқарушылар тікұшақтың сынықтарын тапты.

580 0

Құтқарушылар Алматы облысында кеше жоғалған MD-600 тікұшағының қалдықтарын тапты, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасай отырып. Хабараламада, тікұшақтың бортындағы бес адам кішкентай нәресте де түгелімен қайтыс болған.

"Іздестіру штабының ақпараты бойынша, Қапал елді мекеніне бұрылатын жолдан  үш шақырым жерде бүгін 08:20 шатқалда тікұшақтың сынықтары табылған. Тікұшақ бортында болған барлық адам мерт болған.  Тікұшақтың құлау фактісі бойынша  қозғалған қылмыстық істің нәтижесінде жедел-тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін Алматы облысының ТЖД жедел телефон желісі жұмыс жасауда: 8-7282-220460.

ҚР ішкі істер министірі Қалмұханбет Қасымовтың  жарлығымен ішкі істер министірлігінің орынбасары Владимир Божко оқыс оқиға орнына ұшып кетті", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қаңтарда сағат 16:55 MD-600 тікұшағымен  байланыс үзілген. Белгілі болғандай, 15:45 Үшаралдан Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына науқас баланы жеткізу үшін ұшып жыққан. Тікұшақ ішінде бес адам болған:  В. Кондратюк, дәрігер-гематолог Б. Кайсанова, фельдшер Г. Хамитова, Карлыгаш Әбілқасым және оның 2015 жылы туылған сәбиі  Багым Абылкасым.

Іздестіру жұмыстарына ҚР ІІМ бөлімдерінен, Ұлттық гвардия Талдықорған гарнизоны және де жергілікті құқық қорғау органдарынан құралған,  құрамында 500-ге жуық адамы бар және 70 техникасы бар  18 топ жұмылдырылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!