Алматы облысында тікұшақ іздестіріліп жатыр

Фотография - Алматы облысында тікұшақ іздестіріліп жатыр

Қолда бар деректерге сүйенсек, тікұшақ бортында 5 адам болған

355 0


Алматы облысында бортында 5 адам болған тікқұшақ іздестірілуде, деп хабарлайды Bnews.kz.

"27 қаңтар күні сағат 17:47-де Алматы облысы ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметке Алакөл ауданы Үшарал қаласынан түскі сағат 15:45-те "Аспан" АҚ-ға тиесілі UP-MD 600-N азаматтық тікұшағы науқас баланы облыстық ауруханаға жеткізу үшін Талдықорған қаласына қарай ұшып шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Кейін тікұшақпен байланыс үзілген", - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Қолда бар деректерге сүйенсек, тікұшақ бортында 5 адам болған.

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен іздеу жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына құрамында жеке құрамның 75 адамы мен 11 дана техника бар іздеу тобы, соның ішінде облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары, 3 өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері аттанды.

Сондай-ақ іздеу жұмыстарына облыстық ІІД күштері, 2 аудандық ішкі істер бөлімі, Талдықорған гарнизоны ұлттық гвардиясының әскери қызметкерлері жұмылдырылды.

Ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін Алматы облысы ТЖД-да қауырт желі телефоны іске қосылды: 8-7282-220460.

Хабар-ошарсыз кеткен адамдардың туған-туысқандарына психологиялық көмек көрсету үшін ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығының психологтары жұмылдырылды.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!