Алматы облысында құлаған тікұшақ әуежайға екі шақырым жете алмаған

Фотография - Алматы облысында құлаған тікұшақ әуежайға екі шақырым жете алмаған

Алдын ала мәліметтер бойынша, тікұшақ көру мүмкіншілігінің төмен болуынан құлауы мүмкін.

507 0


Алматы облысында құлаған MD-600 тікұшағының иесі болып келетін компанияның басшысы апаттың қлай болуы мүмкіндігін айтты. Андрей Косолаповтың пікірінше, бес адамның өліміне әкелген апаттың себебі айналаны көру мүмкіндігінің нашарлығы, деп жазады Today.kz.

"Алдын ала ақпарат бойынша, тікұшақ қолайсыз ауа-райынан құлаған. Тікұшақ сынықтары әуежайдан екі шақырым жерде табылған. Көру мүмкіндігінің нашарлығынан пилот төбе басына орнатылған радиомачтаны байқамаған болуы мүмкін. Бізде пайдалануда бары барлығы төрт осындай тікұшақ, еш ақауы болмаған, құлаған тікұшақта да", - деп хабарлады "Аспан" АҚ жетекшісі Андрей Косолапов.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қаңтарда сағат 16:55 MD-600 тікұшағымен  байланыс үзілген. Белгілі болғандай, 15:45 Үшаралдан Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына науқас баланы жеткізу үшін ұшып жыққан. Тікұшақ ішінде бес адам болған:  В. Кондратюк, дәрігер-гематолог Б. Кайсанова, фельдшер Г. Хамитова, Карлыгаш Әбілқасым және оның 2015 жылы туылған сәбиі  Багым Абылкасым.

Ертеректе, Алматы облысында жоғалған тікұшақтың жолаушылары түгелімен қайтыс болғандығы жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Іздестіру жұмыстарына ҚР ІІМ бөлімдерінен, Ұлттық гвардия Талдықорған гарнизоны және де жергілікті құқық қорғау органдарынан құралған,  құрамында 500-ге жуық адамы бар және 70 техникасы бар  18 топ жұмылдырылған.

Апатқа ұшыраған тікұшақ "Аспан" компаниясына тиесілі болған. Ол ұшуға жіберілген және былтырғы жылдың қараша айында сертификациядан өткен. MD-600 жеті жыл бұрын төтенше жағдайда байқалғанын айта кеткен жөн. Осы моделдегі тікұшақ Қарағандыда дұрыс қонбай, нәтижесінде екі адам зардап шеккен болатын.

ҚР ішкі істер министірі Қалмұханбет Қасымовтың  жарлығымен ішкі істер министірлігінің орынбасары Владимир Божко оқыс оқиға орнына ұшып кетті", - делінген хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!