Қостанайда шошқа тұмауы тіркелді

Фотография - Қостанайда шошқа тұмауы тіркелді

Облыста суық тиіп ауырған 23 876 адам тіркелген, оның 16-сы лабораториялық талдаулар көрсеткендей шошқа тұмауы екені белгілі болған.

284 0

Облыста лаборатроиялық талдаудан кейін 16 адамның шошқа тұмауына шалдыққаны белгілі болды. Бұл туралы Тұтынушылар құқын қорғау департаментінің ақпаратына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Қазір облыста барлығы жұқпалы вирусты суық тиіп ауырған 23 876 адам тіркелген, оның 16-сы лабораториялық талдаулар көрсеткендей шошқа тұмауы екені белгілі болған.

Тұтынушылар құқын қорғау департаментінің директоры Владимир Нечитайло: "Тұмаудың А (Н1N1) түрі облыста тіркеліп отыр, бұл тек бізде емес әлемде жайылып отырғаны белгілі. Тұмаумен қатар облыста жұқпалы вирусты суық тиіп ауыру да кең тарап кетті. Өткен жылы мұнымен 20 мыңдай адам ауырған еді, биыл қазан айынан бастап бүгінге дейін олардың қатары 23876-ға жетті", – деді. Владимир Семеновичтің айтуынша ауырғандар негізінен 14 жасқа дейінгі балалар.

Дәрігерлер шошқа тұмауын алғашқы 1-2 күнде емдеуді қатаң есукертіп отыр, әйтпесе меңдеп кетуі әбден мүмкін. Қазір облыс бойынша жұқпалы вирусты суық тиіп ауырған 77 адам ауруханаға жатқызылды, оның арасында 4 екіқабат әйел және бір жасқа дейінгі 25 бала бар. Қазір облыстағы үш аудан мен үш қалада шектеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бала бақшаларда таңертеңгі сүзгі шарасы өткізіліп, ауырған бүлдіршіндер бірденнен емханаға жіберіледі, сондай-ақ мектептер мен бала бақшаларда көпшілік шаралар өткізілмейді, егер сыныпта оқушылардың 30 пайызы ауырса, оқу үдерісі тоқтатылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!