Танымал экстрасенс Бақыт Жұматова алаяқтығы үшін айыпталуда

Фотография - Танымал экстрасенс Бақыт Жұматова алаяқтығы үшін айыпталуда

Жұматова ірі көлемдегі қарызын жасартуға арналған эликсирді сатумен айналысуға жұмсамақ болған.

609 0

Танымал экстрасенс Бақыт Жұматова алаяқтығы үшін айыпталуда. Көріпкел клиенттерінің бірінен алған 20 мың доллар қарызын әлі қайтармапты.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

Жұматова ірі көлемдегі қарызын жасартуға арналған эликсирді сатумен айналысуға жұмсамақ болған.

Көріпкелдің айтуынша, ол 10 айдан бері өз қабілетін толығымен пайдалана алмай жүр екен. Ол тіпті шоулардың бірінде де жеңіліп қалыпты. Экстрасенс бұл сәтсіздіктерінің себебін полицейлермен кездескеннен кейінгі күйзелістен көріп отыр.

Бақыт Жұматова "Битва экстрасенов" шоуында үшінші орын алған соң үлкен танымалдыққа ие болды. Біршама уақыт Мәскеуде тұрған ол кейін Қазақстанға оралып, адамдарды дәстүрлі емес медицинамен емдеуге белсене кіріседі. Экстарсенс онкологиялық аурулардан айықтыратын, қант диабеті, белсіздік және басқа да сырқаттардан сақтайтын "жасарту эликсирі" арқылы пайда таппақ болады. Ол өзі тапқан препаратқа тауар белгісін алып, бағасын 360 мың теңге етіп бекітіп те қойған.

Бүгінге дейін Бақыт Жұматованың үстінен 5 рет қылмыстық іс қозғалып, оның төртеуі тоқтатылған. Соңғы рет көріпкелдің үстінен эликсир сатып алған клиенттердің бірі арыз жазыпты. Ол бірнеше кездесуден соң Жұматованың өзінен 20 мың АҚШ долларын алып, кейін қайтармағанын айтады.

Алайда, қазақстандықтар көріпкелдерге сенуін тоқтатар емес. Оның үстіне, «Битва экстрасенсов» сынды жобалар халықтың көріпкелдерге деген сенімін одан әрі арттырған.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!