Шымкентте ұсталған Төлешев 2015 жылы Ливияда өткен операция үшін марапатталған

Фотография - Шымкентте ұсталған Төлешев 2015 жылы Ливияда өткен операция үшін марапатталған

Тоқтар Төлешев кәсіпкерлік жағынан ғана белгілі адам емес

1843 0

Шымкентте арнайы операция барысында ұсталған Тоқтар Төлешев тек ірі кәсіпкер ретінде ғана белгілі емес. Анықталғандай, ол белсенді қоғам қайраткері, дін мәселелері мен терроризмге қарсы тұру бойынша сарапшы, сонымен бірге, БАҚ беттеріндегі 2015 жылғы жариялымдарда Төлешев Ресей-Тынық мұхит аймағындағы Интерпол-орталығының комиссары ретінде көрсетілген. Мұның алдында оның аты халықаралық сот істерінде аталған және Тоқтар Төлешов полицияның назарына бұрын да түскені белгілі болды. Today.kz редакциясы бұл кісі туралы қолда бар бірқатар фактілерді ұсынуда.

2009 жылы кәсіпкердің көлігін сыра зауытынан шыға берісте полиция көліктері қоршап алған болатын. Бұл оқиға туралы сюжет Kivvi.kz. хостингінде жарияланған. Құқық қорғау органдары мұны рейд деп мәлімет бергенімен оның себебі мен негізделгендігі туралы айтудан бас тартқан-мыс. Хабарланғандай, Төлешевтен заңсыз сақталған қару іздестірілген. Кәсіпкер өзін арандатты деп есептеген.

2014 жылы қазақстандық БАҚ бетінде Тоқтар Төлешев басқаратын "Шымкентпиво" ЖШС Лондон сотында жауап беруші жақ ретінде қатыссып жатқаны жарияланды. Жасалған келісім шарттардың бірі бойынша, қазақстандық азаматтың компаниясы ресейлік Ағажан Авенсовқа төрт миллион доллардан астам қаржы қарыз болып қалған. Жауап берушінің мәліметінше, ақша 2011 жылы-ақ төленіпқойған, алайда, 2013 жылы Авенсов Лондонның Жоғары сотына шағымданған. Нәтижесінде сот шешімі ресейліктің арызын қанағаттандырды. Кейін жауап беруші Лондондағы сот жайында хабардар болмағанын айтты. 2014 жылдың қараша айында ОҚО ауданаралық арнайы экономикалық соты Коммерциялық соттың Корольдік отырысы бөлімінің Әділеттіліктің жоғары соты шешімін ҚР аумағында қолданылады деп таныды. Кейін бұл шешім алынып тасталды.

2105 жылы Тоқтар Төлешев Ресей-Тынық мұхит аймағындағы Интерпол-орталығының комиссары ретінде журналисттік мақалалардың қаһарманы ретінде көрінді. Қазақстандық және ресейлік БАҚ Төлешевтің Ливияда сөз жүргізу процесі мен кепілдегілерді босату бойынша сәтті өткен арнайы операция өткізуге атсалысқаны үшін "Бітімгер" орденімен марапатталуын кеңінен жазды.

Тоқтар Төлешевтің өмірбаяны Террористтік қауіпті сараптау орталығының қазақстандық өкілеттілігінің сайтында жарияланған.

Естеріңізге салсақ, 30 қаңтарда сағат 10:00-ден бастап Шымкентте "Риксос Хадиша Шымкент" қонақүйінің маңындағы көшелер қоршауға алынды. Куәгерлер полицейлер мен арнайы жасақ сарбаздарының топталуын байқаған. Сонымен бірге, кәсіпкерге тиесілі сыр зауытының аумағы да қоршауға алынды.

Арнайы операция барысында төрт адам ұсталды, соның ішінде Тоқтар Төлешев те бар. ҚР ІІД хабарлағандай тұрғылықты жері мен жұмыс орнын тінту кезінде қару мен есірткі заттары табылған.

 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!