Куәгерлер Төлешовті ұстау операциясы туралы айтып берді

Фотография - Куәгерлер Төлешовті ұстау операциясы туралы айтып берді

Зауыт жұмысшысының бірінің айтуынша кәсіпорын аумағында 30 қаңтар күні полиция, әскерилер мен арнайы жасақ жауынгерлері тінту жүргізген.

1173 0

Шымкент сыра зауытының қызметкері 30 қаңтар күні зауыт аймағында өткен арнайы операция туралы айтып берді, - деп хабарлайды TVK.

Зауыт жұмысшысының бірінің айтуынша кәсіпорын аумағында 30 қаңтар күні полиция, әскерилер мен арнайы жасақ жауынгерлері тінту жүргізген.

"Түске таман зауыт аумағына екі "Камаз" көлігі кірді. Онда арнайы жасақ жауынгерлері болды және олар зауыт айналасын қоршап тастады. Біз басында жай ғана жаттығу екен дедік. Кейін жаттығу емес, маңызды бірдеңе болғалы жатқанын түсіндік. Полицейлер ордерді көрсетті де кәсіпорынды тексеруге кірісті. Зауытта болған жұмысшыларды бір ғимаратқа оқшаулап тастады", - дейді зауыт жұмысшысы

Сондай-ақ, Шымкент қаласының тағы бір тұрғыны оқиғаға кездейсоқ куәгер болған. Оның айтуынша, азамат сол уақытта кәсіпорын жанынан өтіп бара жатқан. Оны азаматтық киімдегі бір кісі тоқтатып, өзін ІІМ-нің Орталық аппараты қызметкерімін деп таныстырып, куәгер болуға шақырған. Полицей сонымен қатар одан зауыт басшысы тұтқындалғаны туралы хабардарлығын сұраған. Куәгерді зауыт аумағынан кіргізген. Біраз уақыттан соң полицейлер оның керек еместігін айтып шығарып салған.

"Полиция біз кіргенде кабинеттерді тексеріп жатты. Зауыт аумағына кіргеннен соң біраз уақыттан кейін мені керек емессіз деп жібере салды", - дейді куәгер.

Естеріңізге салсақ, кеше Шымкент қаласында арнайы операция барысында Шымкент сыра зауытының қожайыны, танымал кәсіпкер Тоқтар Төлешов пен оның бірнеше серіктері ұсталған болатын. Ұстау операцияы зауытпен қатар, "Риксос Хадиша Шымкент" қонақ үйі мен жеке секторддағы тұрғын үйлердің бірінде де өткен болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!