Ақтөбе облысының тұрғынынан 2 келіге жуық есірткі затын тәркіленді

Фотография - Ақтөбе облысының тұрғынынан 2 келіге жуық есірткі затын тәркіленді

Тексеру барысында оның жол сөмкесінен қалың скотчпен оралған өсімдік тектес, жасыл түсті зат табылды.

561 0

Ақтөбе ст. Ішкі істер желілік басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында "Алматы-

Атырау" бағытындағы жолаушылар пойызы тоқтаған кезде Қандыағаш станциясының перронында 38 жастағы Ақтөбе облысы Алға қаласының

тұрғынын ұстады. Тексеру барысында оның жол сөмкесінен қалың скотчпен оралған өсімдік тектес, жасыл түсті зат табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес,

табылған зат жалпы салмағы 1 келі 926 граммды құрайтын кептірілген марихуана есірткі заты болып шықты. Күдікті есірткі затын Қызылорда қаласында тауып алғандығын айтты. Ол ішкі істер органдары қызметкерлерінен жасыру мақсатында қалың

скотчпен орап, үстінен бұрыш сеуіп, Қызылорда қаласынан "Алматы-Атырау" жолаушылар пойызы арқылы Ақтөбе қаласына жеткізбек болған.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 296 бабы 4 тармағы (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз

дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!