Апатқа ұшыраған тікұшақтың ішінде болған фельдшер соңғы хатын анасына жазған

Фотография - Апатқа ұшыраған тікұшақтың ішінде болған фельдшер соңғы хатын анасына жазған

16 сағат 56 минутта Гүлнұр Хамитова анасына бораннан даланың көрінбей тұрғанын, қатты желден тікұшақтың ұшуы қиындағанын жазған.

335 0

Алматы облысында тікұшақ апатынан қайтыс болған фельдшер Гүлнұр Хамитова ұялы телефон арқылы жазған ең соңғы хатын өзінің анасына жолдапты деп хабарлайды 31 арна.
16 сағат 56 минутта Гүлнұр Хамитова анасына бораннан даланың көрінбей тұрғанын, қатты желден тікұшақтың ұшуы қиындағанын жазған. Және Талдықорғанға жақындап қалғандығын жеткізген. Алайда 23 жастағы фельшердің анасы бұл қызының ең соңғы хаты екенін білмеді.
Гүлнұр тіпті анасына ватсап желісі арқылы аққан ауруына шалдыққан сәбидің суретін де түсіріп жіберген. Өткен сенбі күні Индира Бектуллина марқұм болған қызынының денесін туған жері Ақсу ауданының орталығы Жансүгіров ауылында жерледі. Дәл сол елдімекенде Гүлнұр дүниеге келген.
Анасының айтуынша, Гүлнұрдың бар арманы анасына үй сатып алып беріп, тұрмысқа шықсам деп, тіпті қонақтардың тізімін де жазып қойған. Гүлнұрдың анасының айтуынша, жалғыз қыздарын оқуға түсіру мақсатында басындағы баспаналарын да сатқан көрінеді. Бұл жайт Гүлнұрдың жанына батып, әр кез анасына үй алып беремін деп болашаққа талпыныпты. Өкінішке қарай, отбасының жалғыз баласы фельдшер Гүлнұрдың арманы орындалмай кетті.
"Арман деген жетеді ғой. Күйеуге тиемін, қайтсем де саған үй алып беремін дейтін. Мен айтамын ғой, әлі кішкентайсың десем, уайымдама, ешқашан да жылама мама дейтін. Мен жыласам жыны ұстайтын. Барлығы жақсы болады дейтін. Жалғыз қызым еді, сол үшін өмір сүрдік", - дейді Гүлнұр Хамитованың анасы Индира Бекдуллина.
Айта кетейік, сәрсенбі күні Үшаралдан ұшып шыққан тікұшақ Талдықорғанға келуі тиіс болған. Алайда, әуе кемесі апатқа ұшырап, ішінде болған бес адамның барлығы қайтыс болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!