Төлешевті қылмыстық топты қаржыландыру мен есірткі бизнесі бойынша айыптауда

Фотография - Төлешевті қылмыстық топты қаржыландыру мен есірткі бизнесі бойынша айыптауда

Бұл туралы оның адвокаты айтып берді

506 0

Шымкентте ірі бизнесмен Тоқтар Төлешевтің ұсталуы фактісі мен "Шымкентпиво" ЖШС-дағы жағдай бойынша баспасөз маслихаты өтуде. Шара барысында кәсіпорынды басқару міндетін қазіргі кезде оның ұлы алып отырғаны мәлім болды, деп жазады Today.kz

Кәсіпорын директоры Камал Атажанов оқиғадан кейін зауыт штаттық режимде істеп тұрғанын, қызметкерлер еңбек келісіміне сәйкес жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.

Баспасөз маслихаты барысында Тоқтар Төлешевтің адвокаты Евгений Яворский бизнесменді екі бап бойынша айыптап жатқанын хабарлады.

"Қазір сотқа дейінгі тергеу жүруде. Барлық сұраққа жауап бере алмаймыз. Кеше Тоқтар Төлешевке қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оған ҚР ҚК 266-бабы "Қылмыстық топты қаржыландыру, мүлкін бөлу, қаржыландыру жолдарын құру" және 297-бабы "Есірткі заттарын заңсыз даярлау, өңдеу, сатып алу, сақтау, сату үшін тасымалдау" бойынша айыптар тағылды. Барлық процессуалдық құжаттарды алған соң басқа баспасөз маслихатын өткіземіз. Әдебиет тәркіленгені туралы хабарланды. Тоқтар Төлешев диссертация жазып жатқан болатын, бұл осымен байланысты болуы мүмкін. Әдебиет туралы бізге ресми түрде ештеме айтпады. Төлешевтің "Риксоста" неге болғанын білмейміз", - деп түсіндірді адвокат.

Айта кетейік, Шымкентте өткен арнайы операция барысында төрт адам ұсталды, соның ішінде Тоқтар Төлешев те бар. ҚР ІІД хабарлағандай тұрғылықты жері мен жұмыс орнын тінту кезінде қару мен есірткі заттары табылған.

Кейін Төлешев туралы өзге жайттар белгілі болды. Бизнестен өзге ол қоғамдық қызметпен белсенді айналысатыны анықталды. Сонымен бірге, Төлешев дін істері мен терроризмге қарсы тұру бойынша сарапшы екені де белгілі болды. Ал, 2015 жылы ол БАҚ бетінде Ресей-Тынық мұхиты аймағындағы Интерпол-орталығының комиссары деп аталған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!