Шу қаласының тұрғынынан аса ірі көлемдегі гашиш есірткі заты тәркіленді

Фотография - Шу қаласының тұрғынынан аса ірі көлемдегі гашиш есірткі заты тәркіленді

Зерттеуінің нәтижесінде күдіктіден тәркіленіп алынған зат жалпы салмағы 1 келі 760 граммды құрайтын "гашиш" есірткі заты екені анықталды.

369 0

Шу ст. желілік полиция бөлімінің есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлерімен Шу ст. теміржол вокзалының перронында 31 жастағы Шу қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Бұл туралы Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

Тексеру барысында одан қара түсті полиэтиленді пакеттің ішінен қоңыр-жасыл түсті, өзіне тән иісі бар ұнтақталған жабайы сора табылды. 

Сот-сараптамалық зерттеуінің нәтижесінде күдіктіден тәркіленіп алынған зат жалпы салмағы 1 келі 760 граммды құрайтын "гашиш" есірткі заты екені анықталды. 

"Ұсталған азамат аса ірі көлемдегі есірткі затын иемденіп, сақтап, мақсатсыз алып жүрген" - дейді Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Акбаров. 

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабы 4 тармағы (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. 

Тергеу амалдары жүргізілуде. 

Басқарма бастығының айтуы бойынша, 2016 жылғы қаңтар айында Көліктегі Ішкі істер департаменті бөліністерімен есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 27 қылмыстық іс тіркелді,  оның ішінде 11-і есірткіні сату фактісі, есірткі затын контрабандалық жолмен тасымалдау бойынша 2 факті. Заңсыз айналымнан 17кг 278,8 гр. әр түрлі есірткі заттары тәркіленді.






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!