Астанада жоғалып кеткен студент Ерасыл Әубәкіровты іздеуге еріктілер қосылды

Фотография - Астанада жоғалып кеткен студент Ерасыл Әубәкіровты іздеуге еріктілер қосылды

Бұл туралы жігіттің досы Диас Жұмәділов айтып берді

1172 1

Астанада 23 жасар "Астана" медецина университетінің 6 курс студенті Ерасыл Әубәкіровты іздеуде. Оның досы Диас Жұмәділов еріктілер қатарынан іздеу топтарын құру жоспарланғанын айтты, деп жазады Today.kz.

"5 ақпан күні сағат 16:00-де "Астана" медецина университетінде еріктілер іздеу топтарын құрып, іздеуге аттануды жоспарлауда. Ерасылдың өзі Өскемен тумасы. Қазіргі кезде оның әкесі Астанаға жол үстінде. Ерасылдың жоғалғанына үш күн толмағандықтан өз күшімізбен іздемекпіз. Ол тығылып жатуы мүмкін емес, мұндай жағдайлар бұрын болған емес. Ол озат студент, университет мақтанышы. Жауапты, қарапайым, тәрбиелі жігіт. Ол ешқандай діни ағымдармен байланысты емес", - дейді Жұмәділов.

Ал әлеуметтік желілерде Еарсыл Әубәкіровтың жоғалғаны туралы хабарламалар таралуда. Жігіттің 3 ақпанда сағат 18:00 шамасында  үйінен шығып, сол жағалауға бет алғаны белгілі. Үйіне ол оралмаған, телефоны сөндірулі. Ерасыл Әубәкіров қыстық көк түсті курткада және малақай киген. Бойы - 175-180 сантиметр, салмағы - 70-75 килограмм. 

23 жасар Ерасыл Әубәкіровтың қайда екені туралы қандайда ақпараты барлар оның туыстарымен +7 747 024 81 29 телефоны арқылы (әкесінің нөмірі) хабарласуын сұраймыз; +7 707 143 94 25 - Диас Жұмәділов.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Айдана 30 нау. 2016

адам іздеуге көмектесіңіздерші, хабарлама шығаруға,сіздерден қандай көмек ала аламыз? жұмыла көтерген жүк жеңіл деген ғой Қазағым

Жауап беру