Ақтөбеде 60 оқушы жүкті болып қалған

Фотография - Ақтөбеде 60 оқушы жүкті болып қалған

Облыстық ІІД-нің инспекторы Мария Нұрымжанованың айтуынша, өткен жылы 21 мектеп оқушысының өз еркімен жыныстық қатынасқа түскені анықталды.

874 0

Ақтөбеде облысында өткен жылы 60 оқушы жүкті болып қалды. Кәмелет жасқа толмағандардың бақылайтын инспекторлар, дәрігерлер мен мұғалімдер қазір мектептер мен орта оқу орындарында ерте жыныстық қатынасқа түсудің зияны туралы дәріс оқуға кірісті, деп хабарлайды Bnews.kz.

Ақтөбеде "Бала – өмірдің гүлі" акциясы басталды. Қалалық әйелдерді қолдау орталығы, прокурорлар мен білім, денсаулық сақтау басқармаларының мамандары орта оқу орны мен мектептердегі оқушылармен кездесу өткізуді бастады.

Облыстық ІІД-нің инспекторы Мария Нұрымжанованың айтуынша, өткен жылы 21 мектеп оқушысының өз еркімен жыныстық қатынасқа түскені анықталды.

"2015 жылы 60 мектеп оқушысы жүкті болып қалды. Қазіргі күні 34 оқушыны жыныстық қатынасқа күштеп итермеледі деген күдікпен тергеу жұмыстары жүріп жатыр",- дейді Мария Нұрымжанова.

Облыстық Ішкі істер департаменті, Жергілікті полиция қызметі ұйымдастырған акция кезінде дәрігерлер жасөспірімдерге, әсіресе, оқушы қыздарға ерте жүкті болудың зиянын, жыныстық қарым-қатынас пен шақалақты өлтірудің қылмыс екенін түсіндірді.

"Бала тәрбиесіне алдымен ата-анасы жауапты. Әр ана қызының үйдегі ғана емес, түздегі қылығын біліп отыруы қажет. Жұмысбастылыққа салынып, қыздарымызды назардан тыс қалдырып, опық жеп қалып жатамыз. Сондықтан мұндай кездесулер мен ақпараттық дәрістер жасөспірімдер үшін өте қажет",- дейді Ақтөбе экономика және статистика колледжі директорының орынбасары Жақсылық Нұрманов.

Айта кетейік, жергілікті полиция қызметкерлері арам ойлы адамдардың құрбаны болмаудың жолын үйретті.

"Бөгде адамдармен сөйлесуге, оларды үйге кіргізуге болмайды. Ата-ана мен жақының жаныңда болмаса, танымайтын адамның көлігіне мінбеу керек. Көршілерің, жақын туыстарың ішімдікке әуес, нашақор болса, олардан аулақ жүрген жөн. Себебі, осы адамдар көбіне кішкентай балаларға зиянын тигізіп, зорлық көрсетіп жатады",- дейді Мария Нұрымжанова.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!