Сомалидегі бортында жарылыс болған ұшақта қазақстандықтар болған

Фотография - Сомалидегі бортында жарылыс болған ұшақта қазақстандықтар болған

Бортта болған екі қазақстандық Сергей Северин мен Николай Бочкарев Алматының Авиажөндеу зауытының қызметкерлері

224 0

Сомалидегі бортында жарылыс болған ұшақта қазақстандық екі азаматтың болғаны анықталды. Абырой болғанда олар еш зардап шекпеген деп хабарлайды КТК арнасына. 

Бортта болған екі қазақстандық Сергей Северин мен Николай Бочкарев Алматының Авиажөндеу зауытының қызметкерлері. Арнаға берген сұқбатында олар тікұшақтарға техникалық қызмет көрсету үшін Сомалиге барғанын айтып берді.

Бортта болған оқиғадан кейін ер азаматтар бірден байланысқа шығып, өздерінде барлығы жақсы екенін хабардар еткен. Қазіргі уақытта қазақстандықтар тергеу шараларының аяқталуын күтіп жатыр. Осыдан кейін олар жақын арадаға рейспен елге оралмақ.

Еске сала кетсек, бірнеше күні бұрын Сомали астанасы Могадишо әуежайынан көтеріле бергенде A321 ұшағының бортында жарылыс болған еді. Кейбір дереккөздер оқиғадан бір адамның қаза тапқанын жазды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!