"Ертіс орманы" резерватына келтірілген шығын көлемі 112 млн теңгеден асты

Фотография - "Ертіс орманы" резерватына келтірілген шығын көлемі 112 млн теңгеден асты

Тексеріс нәтижесінде заң бұзушылық, әсіресе, орман, экологиялық, еңбек және өзге де заңнамаларды сақтауда өрескел бұзушылықтар анықталды.

575 0

Павлодар облысындағы "Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи резерватында қолданыстағы заңнаманың сақталуы бойынша тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр жүргізілген тексеріс нәтижесінде заң бұзушылық, әсіресе, орман, экологиялық, еңбек және өзге де заңнамаларды сақтауда өрескел бұзушылықтар анықталды.

"Прокурорлардың тексеруі барысында 2 000 текше метр көлемінде орман ағаштарын ұрлау фактілері анықталды, шығын 112 миллион теңгеден асты. Облыстық прокуратура түрлі заң бұзушылықтар үшін уәкілетті бақылаушы органдардың атына заң бұзушылықты жою және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 3 ұсыным енгізді", - деп мәлімдеді прокурорлар.

Аталмыш ұсынымдар бойынша қаржылық бақылау инспекциясы резерват басшысына қатысты 5 әкімшілік материал қозғады. Нәтижесінде сот мекеме жетекшісін мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі деп таныды. Прокуратура ұсынымы бойынша еңбек басқармасы резерваттың заңды тұлғасына қатысты еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 6 әкімшілік материал ресімдеді. Сондай-ақ, басқарманың 12 млн теңгеден астам сомаға 171 қызметкердің берілмей қалған жалақысын қайтару бойынша ұйғарымын орындады.

Еске сала кетейік, осы жылдың 1қаңтарынан бастап облыс прокуратурасының және жергілікті атқару органдарының бастамасымен ҚР Ауыл шаруашылығы комитеті резерватта орман ағаштарын кесуге 3 жылдық мерзімге мараторий енгізді.

Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық иснпекциясының бөлім басшысы Құмар Құсайыновтың айтуынша, былтыр орманды заңсыз отаудың 102 фактісі тіркелген. Салдарынан 16 562 шаршы метр орман кесіліп, келтірілген шығын көлемі 814 млн теңгені құраған. Ағаш тиелген 17 көлік ұсталып, 102 қылмыстық іс қозғалған. Ал 10 материал сотқа жіберілді.

Айта кетейік, Лебяжі және Шарбақты аудандарының аумағында орналасқан «Ертіс орманы» резерватының жалпы көлемі 478, 7 мың шаршы гектарды құрайды. Оның 277,9 мың гектарында қылқан жапырақты ағаштар өседі.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!