9 жасар Теміртаулық Владислав Шеллерді іздеуге еріктілер жетіспей жатыр

Фотография - 9 жасар Теміртаулық Владислав Шеллерді іздеуге еріктілер жетіспей жатыр

Қуатталмаған ақпарат бойынша, балақай қазір Қарағандының оңтүстік-шығысында болуы мүмкін

301 0

Теміртаулық тоғыз жасар Владислав Шеллерді іздеуге адам жетіспей жатыр. Ал іздеу операциясы әлі де жалғасуда, деп жазады Today.kz.

Естеріңізге салсақ, оқушы 2015 жылдың 29 желтоқсанында жоғалып кеткен. Отбасы мүшелерінің ақпаратынша, ол Теміртаудағы "Пяточок" атты дүкен маңында тұратын апасының үйіне шығып кеткен, алайда, діттеген жеріне жетпеген.

Аталған жайт Теміртау әкімдігінің ерекше назарында.

Әлі қуатталмаған ақпарат бойынша, балақай қазір Қарағандының оңтүстік-шығыс ауданында болуы мүмкін.

"Бұл мәліметтер нақты емес, бірақ, оны міндетті түрде тексеру қажет, неғұрлым ертерек болса, соғұрлым жақсы, - дейді волонтер Наталья Щербакова. – Бізге еріктілер жетпей жатыр. Қазіргі күшімізбен нәтижеге қол жеткізе алмаспыз. Біздің сөзімізге құлақ асып, Қарағанды мен Теміртаулық тұрғындар, бос уақыты болса, баланы іздеп, өз ауданын қарап шығар деген үміттеміз".

Владислав Шеллерді іздеуге ат салысқысы келетіндерге "рация Zello" қосымшасын жазып алып, "Свои поиски" арнасына қосылу ұсынылуда.

Сонымен бірге координаторлармен хабарласуға да болады:

8 700 482 33 02 Анастасия (Қарағандыда)

8 705 400 15 08 Ирина (Темиртауда).



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!