Маңғыстау облысында жол бойынан табылған сәби аязда үсіп өлген

Фотография - Маңғыстау облысында жол бойынан табылған сәби аязда үсіп өлген

Маңғыстау облысындағы күре жолда қорапқа салынған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарланған болатын.

271 0

Маңғыстау облысындағы Сарға ауылына жақын маңда өлі күйінде табылған нәресте дүниеге келгенде тірі болған деп хабарлайды nur.kz порталы "Ладаға" сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында жол бойынан табылған сәби аязда үсіп өлген

Сот-медициналық сараптаманың нәтижесіне сәйкес, сәби суыққа шыдамай көз жұмған. Азиаттық бүлдіршіннің мәйітін зерттеген сарапшылар биологиялық сараптама нәтижесінде оның өмірге аман-есен келгенін анықтаған.

"Нәресте аяздан үсіп қалған", - делінген Бейнеу ауданының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Маңғыстау облысынан өтетін миграциялық лектің салдарынан баланың анасын табу оңайға соқпауда дейді құқық қорғаушылар. Факті бойынша Қылмыстық кодекстің 100 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысындағы күре жолда қорапқа салынған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!