Атырауда Рысқалиевтің қылымыстық тобының тағы бір мүшесі 14 жылға сотталды

Фотография - Атырауда Рысқалиевтің қылымыстық тобының тағы бір мүшесі 14 жылға сотталды

Тергеу бойынша, сотталушы аймақ әкімі құрған қылмыстық топ жетекшілерінің бірі болған

182 0

Атырауда "бергей командасының" белсенді мүшесінің бірі бизнесмен Олег Павличенкоға қатысты үкімі шықты, деп жазады Today.kz.  Мұның алдында хабарланғандай, "СтройКонтрактГрупп" ЖШС директоры, Ақтөбенің 45 жасар тұрғыны Олег Павличенко Атыраудың бұрынғы әкімінің қылмысын қаржы полициясы аша бастаған кезде қашқан болатын.

Тергеу бойынша, сотталушы аймақ әкімі құрған қылмыстық топ жетекшілерінің бірі болған. 2012 жылдың 16 қазанында Павличенконы халықаралық іздеуге жариялап, бір жыл өте Мәскеуде ұстаған болатын. Содан кейін ол Қазақстанға тапсырылды.

Паличенконың үстінен сот ісі былтырғы жылдың қарашасында басталған. Бизнесменге жымқыру, жалған кәсіпкерлік жүргізу, алаяқтық пен қылмыстық топ құру мен оған мүше болу айыбы тағылған. Сот тартысы кезінде мемлкеттік айып Павличенкоға 17 жыл сұраған болатын.

Олег Павличенко айыпты деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, 15 жылға қатаң режимдегі колонияға кесілді.

Павличенконың адвокаты Игорь Вранчев журналситерге сот шешімімен келіспейтінін және сотталушымен бірге сот шешімін қайта қарастыруын сұрамақ екенін айтты.

Естеріңізге салсақ, Бергей Рысқалиевтің қылмыстық тобының 22 мүшесіне 2014 жылдың 14 қарашасында 2,5 жыл шартты түрден бастап, қатаң режимдегі колонияға 15 жылға дейін түрлі жаза кескен болатын. Бір адам айыбы дәлелденбегендіктен босатылып, үш адамға сот үкімі шегерілген.

Тағы бір қашуда жүрген "АТГ-Кұрылыс" ЖШС-ның иесі Жанболат Дюсенбаев Ақтөбеде ұсталып, былтыр жазда қатаң режимдегі колонияға 10 жылға кесілді.

Бүгінгі күнде іздеуде жүрген тоғыз шенеунік пен кәсіпкер бар. Соның ішінде Бергей мен Аманжан Рысқалиевтер және олардың күйеу балалары Ерболат Ізбасар мен Рүстем Әлбақасов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!