Оңтүстікте есірткі сақтаған адам ұсталды

Фотография - Оңтүстікте есірткі сақтаған адам ұсталды

1971 жылғы туған азаматты есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ұстады.

225 0

Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 1971 жылғы туған азаматты есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ұстады. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Күдіктінің үйін тінту кезінде марихуанаға ұқсас 30 данадан астам есірткі салынған сіріңке қорабы табылған. Сот-криминалистік сараптамасы оның 140 грамнан астам марихуана есірткісі екендігін анықтады.

Аталған жайт бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабымен "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!