Полиция Астаналық студент Ерасыл Әубәкіровтың денесін тапты

Фотография - Полиция Астаналық студент Ерасыл Әубәкіровтың денесін тапты

Үш күдікті ұсталды.

2368 0

"Астана" медициналық университетінің студенті Ерасыл Әубәкіровтің мәйіті табылды. Бұл мәліметті Астана ІІД мамандары растады.

Әлеуметтік желілерде жігіттің мәйіті табылғандығы жайлы ақпараттар тарады. Онда табылған мәйіт 3 ақпан күні жоғалған АМУ студенті Ерасыл Әубәкіровке тиесілі болуы мүмкін екендігі жазылған. Қазір марқұмның туыстары мен достары мәйітті тану үшін жолға шықты. Бұл мәліметті Астана ІІД қызметкерлері растады.

Астана ІІД баспасөз қызметі мамандарының хабарлауынша, 10 ақпан күні түнгі сағат 22:00 шамасында Астана қалалық ІІД қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында із-түзсіз жоғалған 1992 жылғы Е.Әубәкіровтің мәйітін тапқан.

"Қылмысқа күдікті үш күдікті азамат ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот сараптамасы тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды", - деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге саламыз, 3 ақпан күні кешкі сағат 18:00 шамасында Астанада 23 жастағы "Астана" Медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров жоғалған болатын. Ерасылдың туыстары да, достары да онымен байланыса алмай, құзырлы мекемелерге хабар береді. Содан бастап ауқымды іздеу жұмыстары қолға алынды, іздеуге еріктілер де жұмылдырылды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!