2015 жылы қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 270 жауапқа тартылды

Фотография - 2015 жылы қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 270 жауапқа тартылды

Олардың арасында бір Италиялық азаматта бар.

400 0

Былтыр Астана әуежайында темекі тартқаны үшін 270-тен аса адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері осындай құқық бұзушылығы үшін 6 адам жауапқа тартылған, олардың біреуі – Италия азаматы, деп хабарлайды BNews.kz.

"Өткен жылы Астана әуежайында темекі тартқаны үшін 273 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Жыл басынан бері осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін 6 адам жауапкершілікке тартылды, оның біреуі Италия азаматы", - делінген Көліктегі ІІД хабарламасында.

"Әуе кемесінің бортында, әуежайлар мен теміржол вокзалдарында темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салынады. Алайда бұл тыйымға қарамастан, елорданың халықаралық әуежайында ел азаматтары ғана емес, шетелдіктер де заңды бұзып жатады", - дейді Департаменттің Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Серік Түрекенов.

Баспасөз қызметінен атап өткендей, жыл басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 6630-дан астам азаматты жауапқа тартқан. 






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!