Көз жұмардан бұрын Ерасылды аяусыз ұрған - туыстары

Фотография - Көз жұмардан бұрын Ерасылды аяусыз ұрған - туыстары

Марқұмды Өскеменде жерлейтін болды

1186 0

Астандағы медецина университетінің 23 жасар студентін Өскеменде жерлейтін болды. Бұл туралы Today.kz қайтыс болған жігіттің туыстары айтты. Ағасының сөзінше, көз жұмардан бұрын Ерасылды қатты соқығға алған.

"Олар неге бұлай істегенін ешкім білмейді, үш адам ұсталды, мұнымен құқық қорғау органдары айналысуда, біз әлі ештемеден хабардар емеспіз. Ерасылды бәрі жақсы жағынан білетін, бұл жайт бәрін таңғалдырды. Оны көкала күйде тапты, көз жұмар бұрын соққыға жыққан. Оны тапқан кезде қол-яғы скотчпен ораулы болған, байлаулы күйде ұрған. Ол ешкімге қарыз емес еді, ешкіммен де өш емес еді, оны көре алмайтындар бар болатын. Әкесі мен анасы қатты қайғыруда", - дейді марқұмның ағасы Құмарбек.

Естеріңізге салсақ, жоғалып кеткен студенттің денесі 10 ақпанда табылған. Полицияның мәліметінше, үш күдікті ұсталып, уақытша қамау абақтысына жабылды.

Мұның алдында хабарланғандай, Ерасыл медецина университетінің алтыншы курсында оқыған. Шығыс Қазақстан тумасы, ол жақта ата-анасы тұрады. 3 ақпан күні Еарсыл Әубәкіров сағат 18:00 шамасында Сол жағалауға бет алып үйінен шығып кеткен. Жігіт сол күйі үйіне оралмаған, ал телефоны сөндірулі болған. Оны іздеуге Қазақстан полициясы толықтай және жүзге жуық ерікті жұмылдырылды. Тіпті жігіттің анасы ұрлауы мүмкін адамдарға ұлын қайтарып беруін өтінген.

11 ақпанда түнге жуық WhatsApp мессенджерінде Ерасыл Әубәкіровтың денесі табылған жерден суреттер тарай бастады. Суретте басына пакет кигізілген өлі адам бейнеленген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!