Жезөкшелерді бопсалаған полицейлер сотталды

Фотография - Жезөкшелерді бопсалаған полицейлер сотталды

Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотында үш бірдей бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты сот процесі аяқталды.

251 0

Астанада жезөкшелерді бопсалап келген полиция қызметкерлеріне сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотында үш бірдей бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты сот процесі аяқталды. Олар қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлімі 1,2 тармақтары – "Мемлекеттік қызмет атқаруға өкілеттігі бар тұлғаның алдын ала келісім бойынша бопсалау жолымен пара берушінің пайдасына әрекет ету (әрекетсіздік) және қамқорлық жасағаны үшін пара алу" бойынша кінәлі деп танылды.

"Сотта сотталушылардың полиция қызметкерлері бола тұра жеөзкшелерден бопсалау жолымен ақша алып келгені анықталды", - делінген сот таратқан хабарламада.

Экс-полицейлерге сот пара сомасының 70 еселенген көрсеткіші бойынша айып пұл салу және мүлкін тәркілеу жазасын кесті. Сондай-ақ, олар полиция старшинасы және полиция лейтенанты арнайы шендерінен және мемлекеттік қызметке орналасу құқынан айрылды. Олар сот белгілеген айыппұлды бір ай мерзім ішінде мемлекетке төлеулері тиіс.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!