Ерасыл Әубәкіровтың өліміне күдікті екінші адамның есімі белгілі болды

Фотография - Ерасыл Әубәкіровтың өліміне күдікті екінші адамның есімі белгілі болды

Қазір ол қамауға алынды

1649 0

Астананың  Алматы ауданының №2 соты А. Мейрбаевқа қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдануға шешім шығарды. Ол студент ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты ұсталған болатын, деп жазады Today.kz  Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Мұның алдында тағы бір күдікті – Нұрбек Әжімбайдың ұсталғаны белгілі болған.

"Мейрбаев ҚР ҚК 2-бабының 7-тармағы "Алдын ала келісілген топпен адам өлтіру" бойынша қылмыстық іске күдікті", - делінген хабарламада.

Аталған бап бойынша, мүлкі тәркілене отырып немес онсыз 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Еске салсақ, әлеуметтік желілерде 3 ақпан күні 23 жастағы медициналық университеттің 6-шы курс студенті Ерасыл Әубәкіровтің іздестіріліп жатқаны туралы хабарлама тараған болатын. Жас жігіт үйінен "тірлігім бар" деп шығып кетіп, қайта оралмаған. Ерасыл көп ұзамай өлі күйінде табылды.

Оның мәйітін табуға Әзірбайжан экстрасенсі Кямран Самедов көмектескенін мәлімдеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!