Ерасыл Әубәкіровтың денесі жер қойнына тапсырылды

Фотография - Ерасыл Әубәкіровтың денесі жер қойнына тапсырылды

Ерасылмен қоштасуға жүздеген адам: туыстары, мектептегі достары мен мұғалімдері, Астанадан курстас достары келді.

1092 0

Елордада кісі қолынан қаза тапқан Астана медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіровтың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды BNews.kz.

Марқұмның ата-анасымен бірге тұрған Өскемендегі екі бөлмелі пәтеріне адам көп жиналды. Ерасылмен қоштасуға жүздеген адам: туыстары, мектептегі достары мен мұғалімдері, Астанадан курстас достары келді. Тұрғын үйдің кіреберісінде полицейлер кезекшілікте болды. 

"Ерасылдың анасын жақсы танимын. Жақсы жігіт, жақсы отбасы болатын. Қанды қол қылмыскерлердің бірі ірі сауда үйі қожайынының ұлы екенін бәріміз біліп отырмыз. Кінәлілер қатаң жазаға кесіледі деп сенеміз", - дейді көрші дүкеннің сатушысы.

Болжам бойынша, қылмысқа жеке бас араздығы себеп болуы мүмкін.

Қонақасы Өскеменнің Орталық мешітінде беріледі.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!