Ерасыл Әубәкіровтың ісі бойынша тағы екі күдіктінің есімдері белгілі болды

Фотография - Ерасыл Әубәкіровтың ісі бойынша тағы екі күдіктінің есімдері белгілі болды

Олар А. Тихоненко мен В. Шерстенев.

966 0

Ерасыл Әубакіровтің өліміне байланысты үш адамға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды, деп жазады Today.kz Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Олар екі ай мерзімге қамалды.

"Күдіктілер Тихоненко А., Шерстенев В., Әжімбай Н. ҚР ҚК 99-бабының 7-тармағы 2-тармақшасы "Алдын ала келісе отрып, бір топ адаммен кісі өлтіру" бойынша қылмыстық заң бұзушылық үшін екі айға қамауға алынды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Естеріңізге салсақ, 4 ақпанда Астананың медецина университетінің студенті жоғалғаны туралы белгілі болды. Бір аптадан кейін Ерасыл Әубәкіровтың денесі табылды. ІІМ ақпараты бойынша, марқұм адам қолынан қаза тапқан. Мұның алдында көз жұмған жігіттің туыстары оның аяусыз соққыға жығылғаны туралы хабарлаған. Адам өлтіру ісі бойынша төрт адам ұсталды. Мұның алдында олардың екеуі 21 жасар Нұрбек Әжімбай мен Өскемендік ірі кәсіпкердің ұлы 31 жасар Аян Мейрбаев туралы хабарланған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!