Жамбыл облысында кәмілет жасына толмаған баланы өлтірді

Фотография - Жамбыл облысында кәмілет жасына толмаған баланы өлтірді

Іс бойынша күдіктелген азамат кінәсін мойындауда.

1146 0


15 ақпанда сағат 17:00 де Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылында жекеменшік үйде зорлықпен өлтірілген кәмілет жасына толмаған А. Дүйсенбектің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Today.kz ІІД аймақтық баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР ҚК 99 бабы 2 тармағы 14 тармақшасы бойынша "Көрінеу кәмілетке толмаған адамды өлтіру" жүргізілуде. 

"16 ақпан күні күдікті К. деген азамат ұсталып уақытша қамау абақтысына қамалды. Ол өз кінәсін толығымен мойындап отыр. Белігі болғандай, қылмыстық іс қайтыс болған баланың үйін тонаумен басталған. Іс бойынша бірнеше сараптамалық жұмыстары мен басқада керекті іс-шаралар жасалуда, - делінген хабарламада. Жергілікті тұрғындардың алаңдауына байланыста, жергілікті орындаушы әрі құқық қорғау қызметкерлері түсіндіру жұмыстары мен істің нақты жүргізілуі жөнінде ақпарат беріп жатыр. Елді мекенде жағдай тұрақты. Істің жүргізілуі ерекше бақылануда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!