Алматыда полицейлер көшеде төбелескендерді ұстады

Фотография - Алматыда полицейлер көшеде төбелескендерді ұстады

Алын ала болжам бойынша төбелеске себеп жүргізушілердің жолда келісе алмауы болған.

272 0

Алматыда полицейлер көшеде төбелескен төрт адамды ұстады, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция хабарламасына сәйкес, төбелес қаланың Медеу ауданында 16 ақпанда орын алған. Оқиға орнына "Боран" жол-патруль  полициясының экипажы келген. 

"Аталған дерек Медеу аудандық ІІБ сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне ҚР ҚК 293-бабы бойынша тіркелді. Әзірге бұзақылық жасаған 4 адам ұсталды. Оқиғаға куә болған адамдар қазір түсініктеме беруде", — деді Медеу аудандық ІІБ басшысы Ерлан Оралбеков.

Алын ала болжам бойынша төбелеске себеп жүргізушілердің жолда келісе алмауы болған. 

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!