Ерасыл Әубәкіровтың анасы: Ол шет елде оқуды армандаған

Фотография - Ерасыл Әубәкіровтың анасы: Ол шет елде оқуды армандаған

Ерасыл Әубәкіровтың анасы Кенжегүл Әубәкірова Today.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген болатын.

1039 0

23-жасында қайтыс болған Ерасыл Әубәкіровтың анасы Today.kz тілшісіне берген сұхбатында оның немен әуестенгені жөнінде және армандары жайында айтып берді. Анасының айтуынша, Ерасыл білім алуға құштар болған және туыстарымен жақсы қарым қатынаста болғанын айтады.
"Мен оған айтатынмын: "Өзіңе не ұнайды, сонымен айналыс". Ол әрдайым бізді тыңдайтын, бізді жақсы көретін, бізде жақсы көретінбіз. Оның армандары: Астанаға кеткісі келетін, жақсы хирург болуды... Жалпы, шет елде оқуды армандайтын - тағы да білім алғысы келетін. Ол маған айтатын:"Мама, мен көп білгім келеді", - деп естеліктерімен бөлісті Кенжегүл Әубәкірова.
Баласы ән айтқанды ұнататынын, мектепте және институтта белсенді болғанын, үздік шәкірт ретінде бірнеше мәрте шет елгеде барып қайтқанын, - айттыанасы.
Белгілі болғандай, оқыс оқиғаға дейін Ерасыл үйіне келген екен.  Туған жері Өскеменнен 23 қаңтарда қайтқан, ал 25 қаңтарда медициналық университетте сабақтар басталған.
"10 мен 23 қаңтар аралығында ол каникул кезінде осында болды. Ол осы жерден қоңырау шалып, шаштаразға жазылған. Содан кейін Астанаға барып, сол күні шашын қиып, маған селфи жіберіп қысқа қылып алдырғанын айтты. Мен айтам: Неге сонша қысқарттың?" Ол маған: Мам, өседі ғой, бәрі дұрыс". Күледі", - дейді Кенжегүл Әубәкірова.
Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі видеодан көре аласыз.
Ескерту: кез-келген жазбаларды және бейнематериалдарды көшіруге тыйым салынады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!