ІІМ басшысы Қасымов Жамбыл облысындағы бала өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Фотография - ІІМ басшысы Қасымов Жамбыл облысындағы бала өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Ауылдағы жағдай ведомствоның бақылауында.

885 0


Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Жамбыл облысы Бурыл ауылында кәмілет жасына толмаған баланың өлімінен кейінгі жағдай тұрақтанды, деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 15 ақпан күні сағат 17:00-де Жамбыл облысындағы Байзақ ауданының Бурыл ауылындағы жекеменшік үйде кәмелеттік жасқа толмаған А.С.Дүйсенбектің зорлық белгілері бар өлі денесі табылды. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР ҚК 99 бабы 2 тармағы 14 тармақшасы бойынша "Көрінеу кәмілетке толмаған адамды өлтіру" жүргізілуде. 16 ақпан күні күдікті К. деген азамат ұсталып уақытша қамау абақтысына қамалды. Ол өз кінәсін толығымен мойындап отыр. Белігі болғандай, қылмыстық іс қайтыс болған баланың үйін тонаумен басталған. Іс бойынша бірнеше сараптамалық жұмыстары мен басқада керекті іс-шаралар жасалуда, - делінген хабарламада. Жергілікті тұрғындардың алаңдауына байланыста, жергілікті орындаушы әрі құқық қорғау қызметкерлері түсіндіру жұмыстары мен істің нақты жүргізілуі жөнінде ақпарат беріп жатыр. Елді мекенде жағдай тұрақты. Істің жүргізілуі ерекше бақылануда.

"Жағдай қазір тұрақтанды.Менің ойымша, барлық диаспора және  жергілікті билік басшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізді, әкімдік, құқық қорғау органдары шаралар қабылдауда, қазір жағдай тұрақтанды", — деді Қасымов журналистерге сенатта.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!