Астана полициясы Гүлшат Қазбекованың табылғаны жайында ақпаратты жоққа шығарды

Фотография - Астана полициясы Гүлшат Қазбекованың табылғаны жайында ақпаратты жоққа шығарды

Қыз баланың табылғаны жайында ақпарат 18 ақпанда БАҚ пен әлеуметтік желілерде тарады

684 0

Астана полицейлері Гүлшат Қазбекованың табылғаны жөніндегі ақпаратты растамады, деп жазады Today.kz. Бойжеткеннің табылғаны туралы ақпарат БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған болатын.

"Ол табылған жоқ. Бұл жалған ақпарат. Ақпаратты растамаймыз", - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.

Ал қыз баланы іздеуге Қазақстан бойынша полицейлер жұмылдырылғаны белгілі болды. 19 жасар бойжеткенді іздеумен Астана ІІД, облыстың барлық жеке құрамы мен көлік полициясы айналысуда.

Естеріңізге салсақ, Гүлшаттың жоғалып кеткені туралы ағасы Дәурен Қазбеков хабарлаған. Ағасының айтуынша, қыз бала Қосшы ауылындағы жанармай станциясында кассир болып істеген. 3 ақпанда ол жұмысқа кетіп, сол күйі оралмаған. Сол күні кешке қыздың анасына Гүлшат дос қызының жерлеуіне кеткендіктен келмейтіні туралы хабарлама келген. Ертеңгі күні Гүлшаттың да, хабарлама жіберген нөмір де өшірілген.

Гүлшат Қазбекованың ерекше белгілері: бойы 167-170 сантиметр, шыныққан дене бітімді. Із-түссіз кеткен күні қара пальто, сұр бас киім мен қаракөк етікте болған.

Туыстары Гүлшат Қазбекованың қайда екнін білетіндер болса мына телефондар арқылы хабарласуын сұрайды: +7 (775) 103 66 83, +7 (705) 265 04 73 (анасы), +7 (702) 487 60 22 (ағасы Дәурен).



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!