Шахтинсктегі ҰОС ардагері қылмыскелерден балғамен қорғанған

Фотография - Шахтинсктегі ҰОС ардагері қылмыскелерден балғамен қорғанған

Қылмыстың мән-жайы белгілі болды

528 0

8 ақпан күні Қарағанды облысы Шахтинск қаласында жан түршігерлік оқиға орын алған – өз үйінде Ұлы отан соғысының ардагері Виктор Фалалеев адам қолынан өлген болатын. Бұл қылмысқа бірнеше адам күдікті. Today.kz редакциясына қылмыстың егжей-тегжейі белгілі болды.

Мәлімет көзінен белгілі болғандай, басты күдіктілер 1981 және 1980 жылы туған, К. және М. Деген азаматтар. Сол күні екеуі ішімдік ішкен. Ішімдік таусылып, екеуі жақын маңдағы достарына барады. Алайда, ол үйде тек достарының атасы ғана болады. К атты ер адам ардагерден ақша сұрайды да, ақша беруден бас тартқан атайдың қалтасын тінтуге кіріседі. Қария оны итеріп жібереді.

Тергеу кезінде күдіктінің айтуынша, осыдан кейін Фалалеев оның басынан балғамен ұрады. Қарияның соққысы ауыр болмайды да, жауап ретінде 35 жасар ер адам оны соққының астына алады. Сол кезед қария көмекке шақырып, айқалай бастайды. Айқайды естіп қалады деп қорыққан ер адам қария есінен таңғанша ұрады. Сөйтіп қарияның қалтасында бар ақшасын алады.

Екінші күдікті – М. – кикілжіңге араласпағанын және атайдың бөлмесінде не болып жатқанын білмегенін айтады. Ақша таппаған ол, азық-түлікті жинап алған және қарияның арнайы жедел жәрдем шақыруға арналған SOS пернесі бар телефонын алып кеткен. Олар кеткенде ол әлі тірі болған. Телефонды қарияның біреуді шақырып қоймасын деген ниетпен әдейі алып кеткен. Үйді тінтіп, қолды еткендері 35 мың теңге, тіпті қарақұмық, май, құрғақ сүтті де алып кетуді ар санамаған.

Осыдан кейін олар ары қарай таныс әйелдерінің үйіне кеткен, телефонды келесі күні мың теңгеге өткізген.

ҰОС ардагерінің өлімі екі күннен кейін ғана белгілі болған.Ардагердің  2017 жылы 90 жастық мерейтойы болу керек болған.

Қазірге кезде Ким мен Мережко қамауға алынды. Сот-биологиялық, психологиялық және наркологиялық сараптама тағайындау жоспарланған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!