Полицейлер Астанада жоғалып кеткен Гүлшат Қазбекованы тапты

Фотография - Полицейлер Астанада жоғалып кеткен Гүлшат Қазбекованы тапты

Осы уақыт бойы қыз бала жігітпен жалдамалы пәтерде тұрып келген

1362 0

Кешенді жедел іздеу шаралары барысында Астана полицейлері 18 ақпан күні 22.00 шамасында із-түссіз кеткен Гүлшат Қазбекованың орналасқан жерін анықтады. Осы уақыт бойы бойжеткен Астанада жалға алған пәтерде жас жігітпен тұрып жатқан, деп жазады Today.kz қаланың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қыздың түсіндіруінше, ол туыстарынан бөлек тұрғысы келген, өзінің жеке өмірін құрғысы келіп, жігітпен Астанада жалға алған пәтерде тұрып жатқан. Қыз бала туыстарымен жолықты", - делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, 3 ақпанада  19 жасар Гүлшат Қазбекова жұмысына кетіп, сол күйі оралмаған. Қызды іздеуге Қазақстан бойынша полицейлер жұмылдырылған еді.  Мұның алдында қыздың табылғаны туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таралған еді, дегенмен, құқық қорғау органдары оны жоққа шығарған еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!