Бомба туралы ақпарат Астанада "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" жұмысын тоқтатты

Фотография - Бомба туралы ақпарат Астанада "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" жұмысын тоқтатты

Жалған ақпаратқа Оңтүстік Қазақстан тумасы күдікті

407 0

Астанада терроризм туралы жалған ақпарат таратты деген күдікпен ОҚО азаматы ұсталды, деп жазады Today.kz  қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Хабарлама 16 ақпанда келіп түскен. Астана қаласы ІІД ЖБО-ға (жедел басқару орталығы) белгісіз ер адам қоңырау шалып, "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ офистері орналасқан Сығанақ пен Кенесары көшелеріндегі ғимараттарда жарылғыш зат қойлды деп хабарлайды.

Аталған орынға бірден ІІД және өзге де арнайы қызмет күштері жөнелтілген.

Нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмайды да, ақпарат расталмады.

ҚР ҚК 273-бабы бойынша ер адамның кінәсі дәлелденсе, ол алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, жалған ақпарат берген адам банк, бизнес-орталық жұмысын тоқтату мен жедел қызметтің оқиға орнына атану шығынын өтеу керек болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!