Шымкентте канализациялық құдықтан жетілмеген баланың денесі табылды

Фотография - Шымкентте канализациялық құдықтан жетілмеген баланың денесі табылды

Баланың денесін коммуналдық қызметтің жұмысшылары тапқан

331 0

Шымкентте шағын аудандарының біріндегі канализациялық құдықтан жетілмеген баланың денесі табылуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп жазады Today.kz ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Мұның алдында бұл бейнежазба WhatsApp месенджері арқылы тарап кеткен болатын.

Баланың денесін қаланың коммуналдық қызметкерлері тауып алған. Жұмысшылардың "Нұрсат" ықшам ауданында канализациялық насостық станцияда тазалау жұмысын жүргізіп жатқан.

"Нұрсатта" тағы да жағдай орыналды. Ағамыз мұсылманшылықпен, қазақшылық істеп (ақ матаға орап). Айуандар! Осы домдардың бірінен, 40 домның", - дейді болған жайтты телефон камерасына түсірген ер адам.

Жедел іздестіру шаралары барысында Шымкент қаласының ІІБ Қаратау ПБ (полиция бөлімшесі) қызметкерлері оқиғаның 17 ақпанда болғанын анықтады. Полиция баланың денесін сот-медециналық сараптама жасауға жіберді.

Қазіргі кезде аталған факт бойынша ҚР ҚК 119-бабы "Қауіпті жағдайда қалдыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!