Алматы облысының ІІД "CARLTON" ойынханасындағы жайты тексеруге алады

Фотография - Алматы облысының ІІД "CARLTON" ойынханасындағы жайты тексеруге алады

Шулы роликтің кейіпкері жауапқа тартылуы мүмкін

788 0

Алматы облысының полицейлері "CARLTON" ойынханасында түсірілген және әлеуметтік желіде көптеп тараған даулы бейнероликке байланысты пкір білдірді, деп жазады Today.kz аймақтың ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахметке сілтеме жасай отырып. Бейнежазбада ойынхана қызметкерлері мен өзге де келушілермен төбелес ашқан ер адамның іс-әрекеті бейнеленген.

YouTube парақшасына бейнежазбаны белгісіз пайдаланушы орналастырған және бейнероликтің астына басты кейіпкердің аты Баха Есентаев, мемлекеттік қызметкер деп жазып қойған. Пайдаланушылар ер адамның атақты продюсер Баян Есентаеваның күйеуіне қатты ұқсайтындығын бірден байқаған.

"Біз тексердік – аталған ойынханадан бізге арыз түспеді. Әкімщілігі де, қызметкерлері де, келушілер де полицияға арызданбады. Кикілжіңді өзара шешкен сияқты. Бейнежазбаны қараймыз, айтарлықтай құқық бұзушылықтар болса, шаралар қолданамыз. "CARLTON" ойынханасына полиция былтырғы жылы ақпан айында ұсақ ұрлық бойынша бір рет барған болатын", - деп хабарлады Алматы облысының ІІД-нен.

"CARLTON" ойынханасы қазір жабық екені белгілі. Болған оқиға жайт туралы белгілі болып жатқан ақпаратты алда хабарлайтынболамыз.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!