Әлеуметтік желіде 6 жасар Мұхаммедті ұрлаған әйелдің суреті тарап жатыр

Фотография - Әлеуметтік желіде 6 жасар Мұхаммедті ұрлаған әйелдің суреті тарап жатыр

Алайда, ОҚО-ның ІІД тергеушісі аталған әйел тек күдікті ретінде ғана қаралып отыр дейді.

765 0

Бейресми ақпарат бойынша "6 жастағы бүлдіршінді ұрлап кеткен 1965 жылы туылған, Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, Сәндікүл Сүйіндік" деп егде жастағы әйелдің фотосы әлеуметтік желіде тарап жатыр деп хабарлайды nur.kz порталы.

Алайда, ОҚО-ның ІІД тергеушісі аталған әйел тек күдікті ретінде ғана қаралып отыр дейді.

"Баланы ұрлаған осы әйел деп кім айтып жатыр? Тек күдікті деп танылды ол. Оларды орталыққа жеткізіп салған таксистің өзі фотосын көріп, Мұхаммедті жетектеп кеткен бұл емес деді. Сондықтан ол әйел деп нақты айта алмаймыз. "Сәндікүл баланың апасымен бұрын бірге дүкен ұстаған, сосын Мұхаммедтің туыстары оған қарыз болған" деген сынды әңгімелер бар. Қазір барлығы тексеріліп жатыр", - деді атын айтудан бас тартқан полицей.

Еске сала кетейік, ОҚО полицейлері 20-шы ақпан күні алты жастағы Мұхаммед Қамшыбектің із-түзсіз жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатын.

Алдын-ала жасалған болжамдар бойынша баланы елуден асқан әйел ұрлап кеткен. Кешелі-бері күдікті әйелдің фотороботы жасалып, іздеу жарияланды.

Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!