Жоғалып кеткен алты жасар Мұхаммед Қазбекұлы Шымкентте болуы мүмкін

Фотография - Жоғалып кеткен алты жасар Мұхаммед Қазбекұлы Шымкентте болуы мүмкін

Полиция базар маңындағы бейнекамералардағы бейнежазбаны зерттеуде

1165 1

ОҚО полициясы Шымкент базарларында орналасқан сыртқы бейне бақылау камераларындағы жазбаларды қарауда. Куәгерлердің сөзінше, олар қала базарының бірінде жоғалып кеткен Мұхаммед Қазбекұлын егде әйелмен бірге көрген-мыс, деп жазады Today.kz.

Аменгелді ауылының тұрғыны Айша атты әйелдің айтуынша, 21 ақпанда ол балаларымен Шымкенттің жоғарғы базарына барған, сол жерде оның ұлы Мұхаммедті байқап қалған.

"Байқаған мен емес – менің ұлым, біз – көршіміз, балалар аулада бірге ойнайды. Ұлымның айтқаны: "Мама, қарашы – Мұхаммед". Осы кезде біз базарға кіріп бара жатқанбыз, ал, олар шығып бара жатты. Мен бұл ол емес дедім де, біз олардың қасынан өтіп кеттік. Ал бүгін таңғысын келінім WhatsApp арқылы фотороботты жіберді, мен бірден жоғалған баланың әкесіне қоңырау шалдым", - дейді Айша.

Естеріңізге салсақ, бірінші сынып оқушысы ОҚО Ордабасы ауданы Амангелді ауылына сабаққа кеткеннен кейін оралмаған. Куәгерлердің айтуынша, Мұхамедті мектептен егде әйел алып кеткен. Оларды Темірлан ауылына жеткізіп салған такси жүргізушісі полицияға фоторобот жасауға көмектесті. Ол әйелдің Мұхаммедтің туысы деп пайымдауда, өйткені бала секемсіз болғанын айтты.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Хххххххх 23 ақп. 2016

Мұхаммедтi урлаган адам әжесi болып табылды

Жауап беру