Бір жарым жасар баланың өлімі үшін медқызметкерлер төрт миллион төлейтін болды

Фотография - Бір жарым жасар баланың өлімі үшін медқызметкерлер төрт миллион төлейтін болды

Бауыржан Мәдиев Астана мен Павлодарлық дәрігерлердің үстінен арызданды

350 0

Павлодарлық ауруханасы мен Астананың медециналық орталығы керексіз процедуралар кесірінен баланың көз жұмғаны үшін төрт миллион теңге өтемақы төлейді, деп жазады  Today.kz Палодардың №1 қалалық сотына сілтеме жасай отырып.

Павлодарлық Бауыржан Мәдиев "Павлодар облыстық балалар ауруханасы", "Астананың ана мен бала ғылыми орталығы" АҚ және анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер тобын бір жарым жасар баланың өлімі үшін материалдық және моральдық өтемақы талап етіп сотқа берген. Өз арызында ол баланың дәрігерлердің сауатсыз амалдары мен немқұрайлығынан көз жұмғанын жазған және 20 миллион теңге көлемінде өтемақы талап еткен.

"Арыз толықтай қанағаттандырылмады. Сот шешімімен жауап беруші жақтан арыз берушінің пайдасына төрт миллион теңге моральдық шығын өндірілді", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Естеріңізге салсақ, 2012 жылдың қазанында Айбар Мәдиев түскі ас кезінде шашалып қалады. Тамағына тұрып қалған күріш дәнін ата-анасы үйінде-ақ алып шыққан. Алайда, баламен бәрі дұрыс екенін сенімді болу үшін, оны ауруханаға апарған. Ол жерде балаға бронхоскапия жасалады, кейіннен бұл процедураның балаға қажетсіз болғаны анықталады. Ал процедураны медецина қызметкерлері сауатсыз орындау нәтижесінде балақай жансақтау бөліміне түсіп қалады. Оның екі рет жүрегі тоқтаған, содан кейін клиникалық өлім жағдайына түседі. Балақай төрт ай комада жатып, көз жұмады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!