Жезөкшенің қызметіне көңілі толмаған Ақтөбе тұрғыны полицияға шағымданды

Фотография - Жезөкшенің қызметіне көңілі толмаған Ақтөбе тұрғыны полицияға шағымданды

Жеңгетайдың ұзақ уақыт бойы жеңіл жүрісті қыздарды саудалап келген зейнеткер екені анықталды.

562 0

Ақтөбеде жезөкше мен жеңгетайдың ісіне көңілі толмаған ер адам полицияға арыз жазды деп хабарлайды nur.kz тілшісі.

Әйелі мен балалары бар болғанына қарамастан, ақтөбелік ер адам ақылы сексті пайдалануды жөн көрген. Алайда, оған жезөкшенің қызметі ұнамай, полицияға арыз жазады.

Содан соң, тұрғын тағы бір жеңіл жүрісті қыздың қызметін пайдаланады. Осы кезде полицейлер бөлменің есігін бұзып кіріп, жезөкшені, кейін жеңгетайды қолға түсіреді.

Жеңгетайдың ұзақ уақыт бойы жеңіл жүрісті қыздарды саудалап келген зейнеткер екені анықталды. Қазір аталған іс бойынша тергеу жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!