ОҚО полицейлері 6 жасар Мұхаммедті ұрлаған әйелге қатысты түсінік берді

Фотография - ОҚО полицейлері 6 жасар Мұхаммедті ұрлаған әйелге қатысты түсінік берді

2013 жылы жоғалып, қайта табылған Нұрай Өмірәлі есімді оқушыны да осы әйел ұрлап кеткен. Бұл туралы күдікті тергеу кезінде өзі мойындаған.

867 0

ОҚО ІІД баспасөз қызметі берген мәліметке сай Мұхаммедті ұрлап кеткен әйелдің 1 ұл, 1 қызы бар екен. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.

"Кеше Арыс қаласының тұрғынынан хабарлама келіп түсті. Осыған орай бала мен күдіктінің мекен-жайын анықтадық. 1956 жылы туылған әйелді де сол үйден құрықтадық. Қазір күдіктінің баланы қалай ұрлағаны жайлы тексеріліп жатыр. Сондай-ақ әйелдің өзінен туған 2 баласы бар екен. Біз Мұхаммедті іздеуге ат салысқан, журналистер қауымы мен еріктілерге алғыс айтамыз. Тағы бір айтары бала мен күдікті әйел бұрын-соңды таныс болмаған. Мұхаммедтің атын ол ұрлап кеткен соң ғана білген. Күдікті әйел қылмыс жасағанын біле тұра өз бетімен баланы қайтарғысы келмеген, осы уақытқа дейін өз үйінде ұстаған", - деді ОҚО ІІД криминалды полиция басшысы Кенжебек Оңдасынов.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, 2013 жылы жоғалып, қайта табылған Нұрай Өмірәлі есімді оқушыны да осы әйел ұрлап кеткен. Бұл туралы күдікті тергеу кезінде өзі мойындаған.

Қазір бала ұрлағыш әйел 2 айға уақытша оқшаулау изоляторына жабылған. Тексеру барысында оның психикалық ауытуы жоқ екені анықталды. Әйтсе де, полицейлер тағы да бір рет сараптама жасамақ. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе  7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, 7 жасар бала 20 ақпан күні мектепкен оралмаған болатын, үш күн бойына іздеу жарияланған бала 23-і күні Арыс қаласынан табылды. Баланы жетекке алып кеткен азаматша да белгілі болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!