Павлодарда қыз бен жігіт кісі тонаумен айналысқан

Фотография - Павлодарда қыз бен жігіт кісі тонаумен айналысқан

Тәуекелге көбінесе әйел адам ұшыраған.Қылмыс объектісін көздеген олар жүгіріп келіп, күш қолданумен сөмкелерін жұлып әкетіп отырған.

246 0

Полиция қызметкерлері тонауда күдікті 19 жастағы жігіт пен қызды ұстады деп хабарлайды Павлодар облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен.

"Тергеу барысында тонаушылар өз құрбандар кешке жақын кісі аз жүретін жерде аңдығандары анықталды. Барлық тонаушылардың бір кәсібі құрбан неғұрлым жеңіл болса, соғырлым оңай түседі. Сондықтан тәуекелге көбінесе әйел адам ұшыраған.Қылмыс объектісін көздеген олар жүгіріп келіп, күш қолданумен сөмкелерін жұлып әкетіп отырған",-делінген хабарламада.

ІІД мәліметінше, бір аптаның ішінде тонаушылардың қолынан үш әйел адам зардап шеккен. Олардың сөмкелерінде ұялы телефон мен ақшалай қаражат болған. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 500 мың теңгеге жуық.

"Жәбірленушілердің біреуі тонаушылардың белгілерін сақтап, "102" нөміріне телефон шалған.Заттай айғақтар алынып, иелеріне қайтарылды",-деп атап көрсетті полициядан.

Бұрын сотталмаған, ешқайда жұмыс істемеген екі жас енді ҚР ҚК 191-бабы бойынша жазаға тартылады. Өз қылмыстық әрекеттерін олар ақшалай қаражаттарының жоғымен байланыстырады.

Қазіргі уақытта жігіт Павлодар қ. ІІБ УҰИ қамауға алынды, ал қызға қатысты кепіл беру бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Полицейлер екі жас азаматтардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар екенін болжап, тексеруде.

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!