ОҚО-да құтыруға шалдыққан қыз қайтыс болды

Фотография - ОҚО-да құтыруға шалдыққан қыз қайтыс болды

Құтыру ауруынан қаза болған қыз Созақ ауданы, Қыземшек ауылында тұрған. Мектеп оқушысын 2015 жылдың 26 желтоқсаны күні ит тістеп алған екен.

717 0

Бұған дейін ОҚО-ның Созақ ауданында 14 жасар қыздың құтыру дертіне шалдыққанын хабарлаған болатынбыз. Осыдан бірер күн бұрын науқас айықпас дерттің салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Санитар-дәрігерлер мектеп оқушысының қайтыс болғанын ресми түрде растады. Алайда, қауіпті ауруға байланысты тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті мен облыстық ветеринария бөлімі мамандарының берген ақпараттары бір-біріне қарама қайшы.

Құтыру ауруынан қаза болған қыз Созақ ауданы, Қыземшек ауылында тұрған. Мектеп оқушысын 2015 жылдың 26 желтоқсаны күні ит тістеп алған екен.

Алайда, науқас бірден медициналық көмекке жүгінбеген. Тек денсаулығының нашарлауына байланысты 9 ақпан күні жасөспірімді ата-анасы ауруханаға жатқызған. Оған бірден "құтыру ауруын жұқтырған" деген диагноз қойылыпты.

Бұл облыстағы жыл басынан бері орын алған үшінші оқиға. Соңғы жағдай бойынша алғаш болып ветеринар мамандар хабарлаған болатын. Алайда, оқушыға "құтыру" дерті жұққанын нақтыламаған еді.

Ветерианарлар берген бұл ақпаратты облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері растамады. Олардың мәліметінше, оқушыны тістеген итті қыздың әкесі өлтірмеген.

Қазіргі таңда марқұммен қатынаста болған тағы 21 адам анықталып, барлығын дәрігерлер бақылауға алған. Олар ем-домын қабылдап жатқан жандарға келер қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Айтпақшы, мамандар барлық аудан-қалаларда құтыруға қарсы егу жұмыстарының жүргізілгенін айтып, ақталып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!