Оқушы қыздың арқасында Астанадағы жаңа тұрғын үйдегі өрт дер кезінде сөндірілді

Фотография - Оқушы қыздың арқасында Астанадағы жаңа тұрғын үйдегі өрт дер кезінде сөндірілді

Қыз бала өртті байқап, бірден анасына айтқан.

281 0

Астанада Хусейн бен талал көшесінде орналасқан "Арман қала" тұрғын үй кешенінде өрт болды. 9 жасар қыздың арқасында көз жұмғандар мен зардап шеккендер болмады, деп жазады Today.kz. №32 гимназияның үшінші сынып оқушысы Ділназ Жексенова өртті дер кезінде байқаған.

"Таңғысын біз әдеттегідей сабаққа шықтық. Қоқысты тастай кетейік деп, басқа жолмен кеттік. Ділназ көрші кіре берістің самалдығындағы түтінді байқап, маған айтты, біз бірден өрт қызметін шақырдық. Сөндірушілер тұрған көліктердің көптігінен ұзаққа дейін ТЖ орнына жете алмады. Көлік иелері тіпті дабылға да мән бермеді. Дегенмен, абырой болғанда өрт сөндірілді.

Айта кетейік, Ділназ журналистика бойынша дайындыққа барып жүр, болашақ журналист ретінде ол бекер тұрмай ТЖ камераға түсіріп те алған.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!