Сот шешімімен келіспеген атыраулық өзін-өзі өртемек болды

Фотография - Сот шешімімен келіспеген атыраулық өзін-өзі өртемек болды

Атырау қаласының 29 жастағы тұрғыны Сатпаев көшесінің жаяу жүргіншілер бөлігінде өзін-өзі өртемек болды.

294 0

Атырау сотының алдында мүліктік мәселе бойынша сот шешімімен келіспеген ер адам өзін өртемек болды, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұқтарова.

"Бүгін, 25 ақпанда таңғы сағат 9.20 шамасында Атырау қаласының 29 жастағы тұрғыны Сатпаев көшесінің жаяу жүргіншілер бөлігінде өзін-өзі өртемек болды. Нәтижесінде үшінші дәрежелі күйік шалу белгілерімен облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты", — деді Мұқтарова телефон арқылы. 

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу"  бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

"Ол бұл іске кассациялық сот алқасының туыстары арасында мүлікі бөлу шешіміне наразылық ретінде барған", — деп түйді баспасөз хатшысы. 

newskaz.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!